МЕНЮ
Логин:
Пароль:
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Корпоративтік этика кодексі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетінің

Бақылау кеңесінің төрағасы

Е.Н. Иманғалиевпен бекітілді.

15.11.2014ж. №2 Хаттама

Академик Е.А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетінің

Корпоративтік этика кодексі

Жалпы ережелер

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің осы Корпоративтік этика кодексі Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарына, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» РМК Жарғысына, университеттің Ішкі тәртіп ережелеріне және жалпы моральдік-этикалық нормаларға сәйкес әзірленген.

Кодексті өңдеу барысында алдыңғы қатарлы университеттердің корпоративтік басқару тәжірибесі ескерілді. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Корпоративтік этика кодексінде университеттің білім алушылары мен қызметкерлері:

  • әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер;
  • профессорлық-оқытушылар құрамы;
  • оқу-қосалқы қызметкерлер;
  • дайындық бөлімінің тыңдаушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар;
  • қызмет көрсетуші қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын этикалық қағидалар бекітілген.

Кодекс жалпыға танылған адамгершілік құндылықтарға, адам құқықтарының басымдықтарына, азаматтық қоғамның демократиялық идеяларына негізделе отырып, қатынастарды реттейді.

Кодекс:

  • академиялық адалдық;
  • бірлескен ынтымақтастық;
  • толеранттылық қағидаларына негізделген.

Кодекстің мақсаты университетте өзара сыйластық, тілектестік, ғылыми және шығармашылық ынтымақтастық жағдайын жасау болып табылады.

Кодекстің міндеттері:

  • тұлғаның интеллектуалды, мәдени және рухани дамуын қамтамасыз ету;
  • ұжымның әр мүшесінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • университет ұжымында қолайлы моральды-психологиялық жағдайды сақтау;
  • қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.

1 бап

Университет қызметкерлерінің міндеттері

  • Мүдделер қақтығысына жол бермей, университет мүдделеріне сай, жеке-топтың пайдасы мен мүдделеріне қарағанда оған басымдылық бере отырып, кәсіби қызметін адал атқару;
  • Этикалық нормаларды сақтай отырып, бір-біріне сый-құрметпен қарау;
  • Әріптестер арасында сенімді қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, корпоративті мәдениетті ұстану мен тәрбиелеуге жәрдемдесу;
  • Барлық деңгейдегі жұмыскерлер мен құрылымдық бөлімдердің басшылары Кодекс талаптарына сай басқарушылық шешімдер қабылдауы, өз іс-әрекетімен Кодекс ережелеріне берілгендігін көрсетуі, ортақ миссия, құндылықтар мен принциптер негізінде ұжымның бірігуіне ұмтылуы тиіс;
  • университет мүдделері мен имиджіне зиян келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
  • жемқорлықтың кез келген құбылыстарына және жемқорлық үшін жағдай жасайтын әрекеттерге қарсы тұру;
  • мемлекеттік меншікке ұқыппен қарап, оны тиімді және орынды пайдалану;
  • ұлтаралық келісімнің нығаюына себептесу, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен салтына құрметпен қарау;
  • еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді және адал атқару;
  • бір біріне қатысты негізделмеген айып тағуға, дөрекілік фактілеріне, адамдық намысын аяққа таптауға, әдепсіздіктерге жол бермеу;
  • қол астындағы қызметкерлерді құқыққа қарсы әрекеттер немесе жалпыға танылған моральдік-этикалық нормаларға қайшы әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында белгілі болған мәліметтерді жария етпеу;
  • сыртқы түр-келбетінің университеттегі қызметі түріне сәйкестік қағидасын сақтау;
  • жалпыға ортақ моральдіқ-этикалық нормаларды сақтау, қоғамға қарсы әрекеттерге жол бермеу;
  • университеттің беделіне, атына, мүлкіне, серіктестік-қарым-қатынасына, құпия ақпаратына және басқа да ресурстарына зиян келтірмеу;
  • ЖОО әкімшілігі, уәкілетті орган, мемлекеттік саясат пен жергілікті атқару органдарының шешімдеріне тиісті дәрежеде әрекет ету және назар аудару.

2 бап

Әкімшіліктің міндеттері

  • ЖОО-ның ағымдағы және келешектегі жағдайына жауапкершілікпен қарау;
  • кәсіби міндеттерін сапалы орындауға және денсаулығын сақтауға себептесетін еңбек жағдайларын жасау;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде бюрократизм құбылыстарына жол бермеу, белгіленген мерзімдерде өтініштер бойынша қажетті шараларды қабылдау;
  • қызметкерлерге олардың кәсіби қызметіне байланысты ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға себептесетін алғышарттарды анықтау және жою;
  • іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау;
  • әріптестерін тыңдай білуге және ашық қарым-қатынас жасай білуге;
  • Мемлекеттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ЖОО-ның стратегиялық даму жоспары, қабылданған маңызды акдемиялық шешімдер мен операциялық жоспарлардың нәтижелері туралы ПОҚ-ты ақпараттандыру.

3 бап

Профессорлық-оқытушылар құрамының міндеттері

  • оқу үдерісі барысында білім алудың барлық бақылау түрлеріне адал көзқараспен қарай отыра, әділетсіздікке, ұқыпсыздыққа және арамдық пиғылға жол бермеу;
  • ұжымдағы іскерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қолдау;
  • қолайлы моральдік-психологиялық атмосфераны қалыптастыру;
  • даулы жағдайларды шешуде әдептілік сақтау;
  • университеттің жоғарғы мәртебесін қолдау және нығайту;
  • кәсіби шеберлігін арттыру;
  • ғылыми және кәсіби этика нормаларын ұстану;
  • негізделмеген айып тағуға, адамгершілікке жат сипаттағы әрекеттерге, дөрекілік фактілеріне, балағаттауға, адамдық намысты аяққа таптауға, әдепсіздіктерге жол бермеу.

4 бап

Тыңдаушылардың, студенттердің, магистранттар

мен докторанттардың міндеттері

  • университеттің барлық қызметкерлеріне және білім алушыларына қатысты әдептілік сақтау;
  • оқытушылармен, қызметкерлермен, университет әкімшілігінің өкілдерімен, білім алушылармен қарым-қатынас жасауда сыпайылық таныту, әдепсіздік көрсету мен дөрекілікке жол бермеу және одан аулақ жүру;
  • оқу тәртібін сақтау;
  • салауатты өмір салтын ұстану;
  • университеттің дәстүрлерін құрметтеу;
  • мүлікті қорғау, университетте тазалық пен тәртіп сақтау;
  • негізделмеген айып тағуға, адамгершілікке жат сипаттағы әрекеттерге, дөрекілік фактілеріне, балағаттауға, адамдық намысты аяққа таптауға, әдепсіздіктерге жол бермеу;
  • бір біріне қатысты толеранттылық қағидасын ұстану.

5 бап

Оқу-қосалқы және қызмет көрсетуші қызметкерлердің міндеттері

  • ұжымда қолайлы моральдік-психологиялық жағдайды қолдау;
  • ұжым мүшелері және білім алушылар арасындағы қарым-қатынас барысында әдептілік сақтау;
  • мүлікке ұқыптылықпен қарау, университетте тазалық пен тәртіп сақтау.

 

6 бап

Академиялық бостандықты қамтамасыз ету

Ғылыми сын мен пікірталастарды академиялық қарым-қатынастың әдеттегі формасы ретінде қабылдау, ғылыми оппоненттердің пікірлеріне құрметпен қарау.

7 бап

Даулы жағдайларды шешу

Мүмкін болған даулы жағдайлар коллегиялық органдар отырыстарында - кафедра, деканат, факультет Кеңесінде немесе құрылымдық бөлімшеде кезеңдеп шешілуі тиіс. Бөлімше деңгейінде дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда қызметкерлер университеттің Қоғамдық кеңесіне жүгінуге құқылы.

Жоғарыда айтылып кеткен шарттарды сақтау білім беру қызметіне қатысушылардың барлығына құрметпен қарауды қамтамасыз етеді және интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру үшін мүмкіндік береді.

Кодекс ережелерінің бұзылуы университет қызметкері мен білім алушысының мәртебесіне лайықсыз әрекет ретінде қарастырылады.

 

 

 

 

Информационный портал
КарГУ имени Е.А.Букетова